Вторник, 31 января, 2023
  • Бізбен хабарласыңыз
elinfo.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
elinfo.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті бағадан өсуіне жол бермеуді тапсырды

Үкіметте Қазақстанда түрлі азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар екені айтылды.

18 апреля, 2020
in Cаясат
0
Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің шекті бағадан өсуіне жол бермеуді тапсырды
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі, бүгін Үкіметте Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өткенін хабарлады.

Еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету туралы ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын реттеу туралы сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов баяндады.

Баяндамаларда Қазақстанда түрлі азық-түлік тауарларының жеткілікті қоры бар екені айтылды. Қор үнемі толтырылып отырады, сондықтан олардың тапшылығы болмайды.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, белгілі бір тауар түрлерінің туындауы мүмкін тапшылығына дер кезінде әрекет ету үшін азық-түлік қорына, оның өндірісінің теңгеріміне және өңіраралық тасымалына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.

 

«Біз 9 аса әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын бекіттік. Бағаны ұстап тұрудың тиісті тетігі бар. Дегенмен, бірқатар өңірлерде бірден кейбір азық-түлік өнімдеріне шекті бағаның өсуі байқалып отыр. Әкімдіктерге мұндай фактілерге жол бермеуді және осы мәселені жеке бақылауға алуды тапсырамын», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр өңірлік тұрақтандыру қорларында азық-түліктің қажетті қорын қамтамасыз етуді тапсырды.

Бұған қоса отырысқа қатысушылар ТЖ жағдайында ірі индустриялық жобаларды жүзеге асыру, ақпараттық технологиялар саласында қызметтерді қамтамасыз ету және т. б. мәселелерді қарады.

Алдыңғы жаңалық

«Астана Балет» спектакльдердің онлайн-көрсетілімін бастайды

Келесі жаңалық

Алматыдан облыстарға заңсыз адам тасымалдаған 10 такси жүргізушісі ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Меншік иесі:
Түркістан қаласы
+7 707
info@elinfo.kz

Пайдаланушылық келісім

Elinfo.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде elinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

elinfo.kz ақпарат агенттігі