Экономикасы тұрақты қала қағидаты іске асуда

«AMANAT» партиясының негізгі жоспарларының бірі «Экономикалық тұрақты қала» қағидатын құру. Партияның сайлауалды бағдарламсында да бұл мәселеге назардан тыс қалмаған. Яғни, біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын құруымыз қажет.
Бұл бағытта жеке инвесторлар есебінен өңдеу, ауыл шаруашылық, шағын және орта бизнес салаларында барлығы 4,3 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаны жүзеге асыру, полиэтиленді труба шығару цехын ашу, «Almaty NS-Group» ЖШС «күйдірілген саздан кірпіш, плитка және басқа да құрылыс бұйымдарын өндіру», «Темір бетон бұйымдарын шығару» жобалары бойынша жұмыстар жүргізілмек. Біршама жобаларды биылғы жылдан бастап жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Сонда 2025 жылға дейін Кентау қаласы өңдеу өнеркәсібінің өсімін 5,5%-ға арттырылатын болады.
Тұрақты 150 жаңа жұмыс орнын ашуға, жалақыны 119 мыңнан 150 мың теңгеге дейін өсіріп, жұмыссыздық деңгейін 5,2%-дан 4,9%-ға төмендетуге қол жеткізіледі.
Кәсіпкерлер мен фермерлерге инвестициялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуы үшін қолдау көрсетіліп, «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары арқылы бұл саладағы жұмыстардың ауқымын арттырамыз. «Оңтүстік» АИО ЖШС, «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «АШҚҚҚ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы мен шағын несие ұйымдары арқылы 98 жобаны несиелендіруге ықпал етеміз.
Жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 5 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 80 азаматқа грант ұсыну, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытуға арналған ұлттық жобасы»-мен
— жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 105-ға жуық азаматтарға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар беруге басымдық береміз.
Ауылдық жерлердегі су қоймаларына Мемлекет тарапынан қолдау көрсету арқылы жөндеуден өткізу, күтіп-ұстау жұмыстарын күшейтеміз. Шағын және орта бизнесті дамытуға басымдық беріледі. Бұл бағытта қайтарымсыз қаржы беру, жеңілдетілген несиемен қамту жұмыстары жүзеге асады.

Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы
«AMANAT» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *