Бірлік мерекесі құтты болсын!

Құрметті кентаулықтар!
Қадірлі қала қонақтары!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ пен бірлік мәңгі жасай берсін!
Тәуелсіз мемлекетіміз үшін халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі ішкі саясаттың негізгі қағидаттарына, біздің барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміздің іргетасына айналды. Бірлік біздің басты ұранымыз!
Кентау көп ұлтты қала!
Мұнда бірлігі мен тірлігі жарасқан еңбексүйгіш халық тұрады. Бүгінде берекелі бірліктің арқасында қала аумағында ауқымды істер атқарылып, тың жобалар жүзеге аса бастады. Нәтижесінде өндіріс өркендеп, бизнеске бет бұрушылар көбейді. Әлеуметтік салада да айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеміз. Мұның баршасында қала тұрғындарының қосып отырған үлесі көп.

Құрметті қала тұрғындары!
Баршаңызды Бірлік күнімен шын жүректен тағы да құттықтаймын!
Отбасыларыңызға амандық бақ-береке, мол табыс тілемін.

Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы
«AMANAT» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *