60 мың теңгемен басталған алып құрылыс

Қарнақ тарихы терең, ең көне елдімекеннің бірі. Осыдан біршама уақыт бұрын, 2000 жылдық мерекесін атап өткен болатынбыз. Сол тұстада ауыл тұрғындары бірліктің жарқын үлгісін көрсеткен еді.
Кешегі күні де қарнақтықтар көпшілікке үлгі боларлық игі іске ұйытқы болды. Ауыл тұрғындары асарлатып соққан 3000 адамдық мешіттің ашылуы өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Рашид Аюповпен бірге қатысып, көпшілікті Ораза айт мерекесімен және мешіттің ашылуымен құттықтадық.
Ерекше келбетпен салынған мешіт үш қабаттан тұрады. Мешіттің бой көтеруіне ауыл тұрғындары себепші болған. Яғни, 2016 жылы ауылдың ақсақалдары ақылдасып, ауылға мешіт салу керектігін айтып қайырымдылыққа жиналған 60 мың теңгемен құрылысын бастаған екен. Құрылыс басталғаны сол еді ауылдың тұрғындары күн сайын шамалары келгенше көмек бере бастайды. Міне, бүгін бірліктің, татулықтың, ұйымшылдықтың арқасында 3000 орындық сәулетті ғибадат үйі пайдалануға беріліп отыр.
Игі іске ұйытқы болған барша жандарға алғысымды білдіремін.

Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы
«AMANAT» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *