Жаңа демалыс аймағы ашылды

Кентау қаласында «Көктөбе» демалыс аймағы пайдалануға берілді. Құрылысы 2021 жылы бастау алған аймақтың бүгінгі таңда толықтай монтаж жұмыстары аяқталды. Жоба құны 100,367 млн теңге.
Салтанатты шараға қала әкімі Рашид Аюповпен бірге қатысып, қала тұрғындарын, Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтадық. Жаңа демалыс аймағы өскелең жастарға рухани серпін берер орын болатыны анық.
Мерекелік шарада ел бірлігіне арналған әсем әуендер орындалып, мың бұралған бишілер мерекенің көркін ашты.

Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы
«AMANAT» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *