Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді

Президенттің ҚХА сессиясы барысында Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу туралы бастамасы бүгінде ел тұрғындарынан үлкен қолдау тауып отыр. Бұған баспасөз құралдары арқылы қолдау білдірген ел азаматтарының пікірін дәлел ретінде айтсақ болды.
Жалпы елімізде референдум соңғы рет 1995 жылы қазіргі қолданыстағы Конституция бекітілген кезде өткізілді. Одан кейін «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң қабылданды. Конституцияны жалпыхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халық қалауының айқын көрінісі болады деп есептеймін.
«Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді және жан-жақты демократияландыру мен Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бағытымызды нығайтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен реформалау қажет екендігін айтып өтті.
«Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен мағынасын азаматтарымызға түсіндіру өте маңызды. Ассамблея форматында жұмыс істейтіндердің барлығын бұл процеске қосылып, Жаңа Қазақстанның идеалдары мен құндылықтарының белсенді жетекшісі болуға шақырамын», — деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының бастамасын толығымен қолдаймыз, әрі көпшілікті де қолдауға шақырамын. Жаңа Қазақстанды құру жолында белсенді түрде бірігіп еңбек етейік!

Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы
«AMANAT» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *