Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңа белес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясы өтті.
Екі күнге созылған сессияда Қазақстан Президенті Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды.
«Әзірленген түзетулердің тарихи маңызы бар. Біз мемлекеттігіміздің даму жолындағы жаңа кезеңге қадам басқалы тұрмыз. Алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», — деді ҚР Президенті.
Конституциялық реформа – Бұл Тәуелсіздік тарихындағы жаңа бір белес. Президенттіміз Конституцияға енетін түбегейлі саяси өзгерістерді таңдау құқын халықтың өзіне беріп отыр. Яғни, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжымдамасының сәйкес халық өз таңдауын жасайды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құру үшін жеке және қоғамдық құндылықтар жүйесін толығымен реформалау қажет екендігін айтып өтті. Бұл бағытта да алдағы уақытта үлкен жұмыстар жүзеге аспақ.
Көпшілікті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасын қолдауға шақырамын.

Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы
«AMANAT» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *