Мәслихат мінберінде маңызды мәселелер көтерілуде

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес 2014 жылдың 25 ақпанында қалалық мәслихатының «Кентау қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімі бекітілді. Осы шешімге байланысты қалалық мәслихат хатшысы жылына кемінде бір рет мәслихаттың кезекті сессияларында мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыс, депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері және олар бойынша қабылданған шаралар, мәслихаттың жергілікті өзін өзі басқарудың өзге де органдарымен өзара іс-қимыл жасауы, мәслихат аппаратының қызметі туралы есеп береді делінген.

2021 жылдың 10 қаңтарында өткен сайлауда Кентау қалалық мәслихаты депутаттығына 18 депутат өтті. Алайда ағымдағы жылдың 20-шы сәуірінде Кентау аймағынан бөлініп шыққан жаңадан құрылған Сауран ауданына 9 депутат өтті.
Оның ішінде 7 депутат «АMANAT» партиясынан, 1 депутат «ауыл» партиясынан, 1 депутат «Ақ жол» париясынан сайланды. Қазіргі таңда Кентау қаласының мәслихатында 9 депутат жұмыс атқарып отыр.
Қалалық мәслихат депутаттарының сауалдары, депутаттық өтініштердің қаралу барысы, сайлаушылардың өтініштері, олар бойынша қабылданған шаралар бойынша жұмыстарда өз мерзімінде жүргізілуде.
Қалалық мәслихат депутаттарының мәслихат сессияларында сауалдары жинақталып, қала әкіміне хаттамамен ұсынылды. Ұсынылған 185 сауал бойынша сараптама жасалынып, қаланың проблемаларының орындалуы барысы туралы аталып, талданды.
2021 жылдың басынан бюджет және тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының және мәслихат сессияларында мәслихат депутаттары тарапынан берілген ұсыныстардың саны- 108, ал мәслихат депутаттарының өз округтері бойынша тұрғындармен кездесу барысында туындаған ұсыныстар саны-77.
Бұл 108 сауалды салаға бөліп, талдар болсақ:
— Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөліміне қатысты – 52 сауал;
— Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қатысты – 38 сауал;
— Әр түрлі саланы қамтыған сауалдар -95.
Қалалық мәслихат депутаттарының өз округтері бойынша қойылған сауалдар саны-77. Оның ішінде 14 орындалды, ал 52-сі бақылауда тұр. 2022 жылы 8 орындалады деп жоспарлануда. Ал, 3 шешімін таппады.
Жоғарыдағы аталған 174 сауалдың орындалуы барысы бойынша мәслихаттың бюджет және бірлескен тұрақты комиссияларының отырыстарында депуттар өз округтері бойынша мәселелерді көтеріп, ұсыныстар айтты.
Қалалық мәслихат депутаттары жыл басынан 28 депутаттық сауалдар жолдады.
Қалалық мәслихаттың 2021 жылы20 сессия өткізілді. Соның ішінде 4 кезекті сессия, 16 кезектен тыс сессия, қаралған мәселелер бойынша ұсыныстарымен бірге 94 әр түрлі шешімдер қабылданды. Аталған сессияларда Кентау қаласының әр түрлі деңгейдегі мәселелер қаралды. Оның ішінде шешім нормативтік құқықтық актілері Заңға сәйкес, Әділет министрлігінен сараптамадан өтіп, тіркелді.
2021 жылдың 12 айында мәслихаттың тұрақты комиссиясында 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджетіне 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қала әкімдігінің ұсынысы қаралды. Бұған қоса 2021-2023 жылдарға арналған Кентау қаласы ауыл және ауыл округтерінің бюджетіне 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қала әкімдігінің ұсынысы қаралды.
Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан 8 арыз өтініштер келіп түсті. Сонымен қатар, 2021 жылдың шілде айынан бастап «Е-Өтініш» бағдарламасының енгізілуіне орай, жеке және заңды тұлғалардан 1 өтініш келіп түсті.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, қалалық мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.
Қалалық мәслихат аппараты сессия, тұрақты комиссиялар мәжілістерінің өз деңгейінде дайындалуына көп назар аударады. Сессияда талқыланатын мәселелерді дайындау үшін зерделеу нысандары белгіленеді. Шешімдердің сапалы, мазмұнды болуы, яғни олардың бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Заң талаптарына сәйкес келуі ескеріледі.
Қалалық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілік талаптары Түркістан облыстық мемлекеттік қызмет істері агенттігімен келісіліп бекітілді. Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Кентау қалалық мәслихат аппаратының штаттық кестесіне сәйкес 5 мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмыс атқаруда.
Қалалық мәслихат аппаратының ақпараттар мен методикалық материалдарды электрондық құралдар арқылы жүргізуді қамтамасыз ететін электрондық почта, интернет кеңістігіне компьютерлерді қосу іске асырылды.

Т.Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы,
«AMANAT» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *