Мәслихат: Тұрақты комиссия отырысында маңызды мәслелер талқыланды

Кентау қалалық мәслихатындағы тұрақты комиссия отырысы өтті. Жиынның күн тәртібіне қаланы газдандыру және жол жөндеу жұмыстарының барысы қойылды.
«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаланы табиғи газбен қамту ісіне айрықша назар аударылған болатын. Ал, жол жөндеу жұмыстары да көшбасшы партияның негізігі бақылауындағы мәселелердің бірі.
Жиында газ және сапалы жолдарды қалыптастыру бойынша қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы Талғат Қасымбеков жүзеге асып жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды.
Аталған мәселелер бойынша басшының баяндамасын тыңдаған соң, тұрғындарға газ беру ісіне және биылға асфальт салынатын көшелерге өз тарапымыздан ұсыныстар бердік.
Қазір қаланы газдандыру бойынша тұрғындардың өтініші негізінде қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Мердігер мекемелер тарапынан жасалып жатқан бұл жұмыстарға әрбір үй иесі өзі өтініш беруі керек.
Ал, жол мәселесе бойынша салынатын жолдардың сапасының сын көтермейтіндігі айтылды. Осы мәселеге байланысты бөлім тарапынан қатаң қадағалау жүргізілуі қажет.
Тұрақты комиссия отырысында депутаттар күн тәртібіне қатысты сұрақтарын қойып, өзге де ұсыныстарын берді.

Талғат Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының хатшысы,
«Amanat» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *