Мәжіліс депутаттары алыстағы ауылдарды аралайды

Түркістан өңіріне сапарлап келген Мәжіліс депутаттары бұл жолы алыстағы ауылдарға да арнайы барып, тұрғындармен кездесуді көздеп отыр.
9 күнге жоспарланған іссапар барысында 130-дан астам жүздесулер мен талқылаулар ұйымдастырылады.
Құрамында Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов, Сырым Ертаев бар Мәжіліс депутаттарымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай кездесіп, аймақтың ортақ проблемалары туралы баяндады. Тұрғындардың жан басына шаққандағы қаржының аз бөлінуі, халық жиі шағымданатын инфрақұрылымды жаңартуға бюджеттің жеткіліксіздігі, субсидия мен кәсіпкерлікке арналған төмен пайыздық несиенің мақсатты жұмсалуы жан-жақты қозғалды. Жаңа жұмыс орындарын құру мен жастарды кәсіпке баулу жайында өзара сын айтылды.
Депутаттар өз кезегінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын аймақтарда табысты жүзеге асыру жолдарына да тоқталды. Осыған орай облыс бойынша аталған түйіткілдердің арнайы картасын жасап, сапар қортындысымен қайта жиналу керектігін ұсынды. Сайлауалды бағдарламаның Жол картасына еніп, орындалмай қалған нысандарға да арнайы барып, танысатын болды.
Мәжілістегі фракция мүшелері облыстық және қалалық мәслихат депутаттарымен де кездесу өткізді. Жергілікті әріптестер әсіресе республикалық деңгейде заңды өзгерту арқылы шешілуі тиісті тақырыптарды көтерді. Атап айтқанда электр энергиясының қымбатшылығы, ақылы жолдың себебінен жолақы мен азық-түлік бағасының өсуі, мемлекеттік жеңілдетілген несиелердің халыққа жоғары пайызбен таратылуына шағым білдірді. Ауыл шаруашылығы саласын табысқа шығару туралы ойлары мен қуаңшылыққа байланысты су мәселесін тиімді шешу амалдарын қарастыруды жеткізді. Бұдан былай орталық-өңір қағидасымен туындаған мәселелерді жинақтап, ай сайын Парламентке жолдауға уағдаластық.
Сонымен бірге депутаттар “NurOtan” партиясын модернизациялауға қатысты да пікірталас жүргізді. Ұтымды ұсыныстар орталыққа жолданатын болады.

Талғат Балабиев,
«Nur Otan» партиясынан сайланған қалалық мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *