Жолдау — жаңаруға жол бастайды

Бүгін Мемелкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты кезекті Жолдауын жариялады. Жаңа Қазақстанды қарыштата дамытуды көздеп, жаңару бағытынан жаңылмай, жаңғыру жолына түскелі тұрған жұрттың бұл Жолдаудан күтері көп еді. Шындығында да «Мәңгілік елді» мұрат тұтқан елдің биік мақсаттармен үндесетін ауқымы кең, мазмұны бөлек осынау Жолдауда кемел келешекке бастайтын басты меже-міндеттер анық айқындалып, тиісінше талдап-таразыланыпты. Демек, жаңаруға жол бастайтын жаңа Жолдаудың Жаңа Қазақстанды құруға талпынып отырған тәуелсіз елдің бірлігі бекем халқына тың серпін беретіні белгілі.

Жалпы татулық пен тұрақтылықты, тыныштық пен бейбітшілікті сақтаудың бәрінен де маңызды екендігін ерекше атап көрсеткен ел Президентінің Жолдаудағы орамды ойлары, орнықты пікірлері, құптарлық көзқарастары, ұнасымды ұсыныстары алдағы уақытта кеңінен талданып, мейлінше насихатталатыны да айқын.

Әсіресе оның Қуатты Қазақстанды құру үшін күшті Парламент керектігін айтуы, Мәжілістің мәселесін көтеріп, биік мінбер төрінен табылатын «Мәслихат төрағасы» деген лауазымды енгізуді ұсынуы, жергілікті мәслихаттарға мажотиарлық сайлау жүйесінің енгілетіндігі, сайлаушылардың бірыңғай электронды базасының қалыптастырылуы, Конституциялық соттың қайта құрылуы, баспасөздің қоғамдағы рөлін көтеру үшін БАҚ туралы заңды қайта қарауды тапсыруы, т.б. жаңашылдықтар жұрт көңілінен шығып, қазірдің өзінде-ақ әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, кең қолдауға ие болып отыр.

Роза Аяпбергенова,

Кентау қалалық мәслихатының депутаты
«AMANAT» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *