«Канвассинг» кездесу өтті

«Канвассинг» кездесуі аясында ел ағаларымен кездесу өткіздім. Онда қаладағы өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын қарастырдық. Қаланың құрметті азаматтары А. Куштаев, Ө.Пукашев, М.Юлдашев жол, жарық, ауыз су, балалары ойын алаңшалары секілді өзекті мәселелерді айтып, өзіндік ұсыныстарын берді. «Amanat» партиясының жұмыс жоспарына сәкес алдағы уақытта бұл мәселелердің шешілетіндігін айттым. Сондай-ақ, көшбасшы партия атынан сайланған қалалық мәслихат депутаттары бұл мәселелерді әрбір сессия отырысында, тұрақты комиссиялар жиынында көтеріп жүр. Алдағы уақытта да ел ағаларының өтініштері мен ұсыныстарын тиісті бөлімдермен бірге шешу жолын қарастыратын боламыз.

Т.Балабиев,
Кентау қалалық мәслихатының депутаты,
«Amanat» партиясының мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *