Шымкентте қала қонағы банкоматтан шешіп алған ақшасынан айырылып қалды

0
91

Шымкент қаласына келген қонақты сауда орталығында тонап кеткен

Шымкент қаласына қонаққа келген азаматтың 25 мың теңгеден астам қаражаты қолды болды, деп хабарлайды otyrar.kz басылымы.
Жуырда Шымкент ҚІІД кезекші бөліміне қала қонағы арыз беріпті. Азаматтың айтуынша, сауда орталықтарының бірінде қыдырып жүргенде, банкоматтан шешіп алған 25.400 теңге ақшасын шалбарының артқы қалтасынан белгісіз біреулер ұрлап кеткен.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай реестріне тіркелген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.