2 дүркін әлем чемпионы Даниал небәрі 7 жаста

0
335

Ия, 7 жасар Даниалдың спорттағы даңқы бір атанға жүк болатындай.  Шын мықтылар ғана баратын спорттың джиу- джитсу түрінен жеткен жетістігі толағай. Тән ауыртар жаттығумен мың сан айланы жетік меңгеруген ойын баласы психологиялық тұрғыдан да бекем екенін көрсетті. Жуырда Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу Дабиде балалар арасында өткен әлем чемпионатын  жеңіп алды. 7 жасар Айдаров Даниял Биболұлы 22 келі салмақ дәрежесінде қарсы келгеннің бәрін алып ұрып та, шалып та жықты.

Созақтың төлтумасы Даниал Айдаров бүгінде Астана қаласында тұрады. Джиу- джитсудың әдіс тәсілдерін жетік меңгерген.  Allince Kazakhstan клубында жаттығады. Жаттықтырушысы Қазақстанда бразилиялық джиу джитсудан алғашқы қара белбеу иегері Рузуханов Арманжан.

-Шымыр болсын деп, спортқа бергенбіз. Қазір әбден төселіп алды. Жаттығуды жібермейді. Бүгінде біраз жетістікке жетті, – дейді неме­ресінің жеңісті жолы туралы оның атасы Айдар Әшір­беков.

Жекпе-жек спортының төресі – джиу-джитсудан 7 жасында екі рет Әлем чемпионы болған Даниал Айдаров 2017 жылы ақ белбеулер арасында әлем чемпионы атанса, 2018 жылы сұр белбеулер арасында жеңімпаз атанды. 7 жасар Даниалдың жеңісті жолы рекордттар кітабына сұранып тұр, ә!

Е. Райымқұлов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here