Түркістан қаласына 3 айда 300 мыңға жуық турист келген

0
236

Түркістан қаласына ағымдағы жылдың 3 айында 285 021 зияратшы мен турист келген. Оның ішінде 5 мыңға жуығы шетел азаматтары. Туризм саласында І тоқсанда 1 689,3 млн. теңге табыс түсіп, қала экономикасының ұлғаюына үлесін қосып отыр. Айта кететіні, былтыр қасиетті қалаға 1 млн. турист келген болатын. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қала халқының саны 263,4 мың адам болса, оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық — 102,9 мың. Жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыз көлемінде. 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларына 1300-ге жуық адам жұмыспен қамтылып, жылдық жоспардың орындалуы 17,5 пайызды құраған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here