«АЛАМАН» СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

0
265

Шымкентте жаңадан «Аламан» спорт кешені ашылды. Мұнда шағын футболға арналған 5 алаң бар. Бүгін аталған нысанның ашылуына орай 16 команда қатысқан турнир өтті, деп хабарлайды oninfo.kz тілшісі. 

 

Шараға Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық мəслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, бірқатар мəслихат депутаттары жəне спорт ардагерлері қатысып, лентасын қиды.

 

Турнирде «Достар» жəне «Аэропорт» командалары III-орынға ие болып, 10 сағат тегін «Аламан» спорт кешенінде футбол ойнауға сертификат алды. Екінші орын алған «Жасталап» командасы 20 сағаттық сертификат алса, жеңімпаз «Бірлік» командасы 30 сағаттық сертификат алып, оны сол сəтті «Жасталаптың» жігіттеріне сыйға тартты.

«Аламан» спорт кешенінің байланыс нөмері 87475551313. Таңғы 07:00 ден түңгі 02:00-ге дейін жұмыс істейді. Құны: күндіз 5 000 мың, кешкі уақытта 8 000 мың теңге.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here