Қариялар күш сынасты

0
241

Арыс қаласының «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі жанынан құралған аталар және әжелер арасындағы қалалық ІІІ-спартакиадасы өтті, деп хабарлайды əкімдіктің баспасөз қызметі.


Спорттық іс-шараны өткізудегі мақсат салауатты өмір салтын жас ұрпаққа насихаттап, ардагерлерді кездестіріп, көңілдерін көтеру болып табылады.
Спартакиаданы ашқан қала әкімі М.Қадырбек жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.


Сайысқа ақсақалдар жəне ақ самайлы әжелерден құралған командалар қатысып, арқан тарту, шахмат, үстел теннисі, асық ату, ләңгі тебу сондай-ақ волейболдан сынға түсті.
Командалық сайыста Арыс қаласының ардагерлері жүлделі І-орынды жеңіп алса, Ақдала ауылынан қатысқан команда ІІ-орын, Монтайтас ауылынан қатысқан ата-әжелеріміз ІІІ-орынды қанжығаларына байлады.
Жарыс жеңімпаздары қала әкімінің Алғыс хаттары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Сайыс ұйымдастырушылары алдағы уақытта да мұндай жарыстар жалғасын табатынын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here