Шымкентте «Аманат» азаматтық алаңының жұмысы басталды

0
40

Ағымдағы жылдың 9 маусым күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні белгілі. Қоғам сайлаудың әділ өтуін қалайды. Қазақстан Республикасының қоғам белсенділері осыны ескеріп, «Аманат» азаматтық платформасын құрды. Оның алғашқы отырысы Нұр-Сұлтан қаласында 22 сәуір күні өтті. Аталған тұғырнаманың белсенді жұмыс істеуіне Шымкенттегі қоғамдық ұйымдар да белсенділік танытып отыр.

Бүгінгі кездесуде «Аманат» азаматтық тұғырнамасының Шымкент қаласындағы штабының жетекшісі Ербол Дайрашұлы штаб мүшелерін таныстырып, алдағы жұмыс барысын пысықтады.

– Азаматтық алаңның мақсаты алдағы өткелі жатқан сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу болып табылады. «Аманат» азаматтық алаңы — бұл әділ, ашық сайлауға мүдделі Қазақстан азаматтарының тәуелсіз ерікті бірлестігі. Оған қоғамдық ұйымдардың өкілдері, БАҚ өкілдері, жастар, сарапшылар, азаматтық қоғам белсенділері кірді,– деді штаб жетекшісі.

Мұнан әрі штабтың аудандағы өкілдеріне сайлау барысында мониторинг жасаудың тәртібі түсіндірілді.Сайлау үшін қажетті жағдайлар жасаудың 5 негізгі бағытын қамтитын тұжырымдама әзірленген.

#аманат