Қазақстан — Әзірбайжан: Әріптестіктің әлеуеті

0
50

Қазақстан мен Әзербайжан — мұнай-газ саласында ортақ жоба жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен екі елдің үкіметаралық отырысында белгілі болды. Осымен 15-ші рет жиналған қос мемлекеттің энергетика министрлері — жақын болашақта Маңғыстау облысында зауыт салуға келісті. Сондай-ақ, екі елдің басқа да салалардағы ынтымақтастығы артпақ. Ал сауда айналымы қазірдің өзінде жақсы нәтиже беріп отыр.