Жолдау жайы талқыланды

0
90

Елбасы жолдауында айтылған басым бағыттардың бірі ол, территориялық аумақты дамыту. Ал қазіргі таңда елде нақ осы үдерісті басынан кешіріп отырған Түркістан облысы. Себебі жаңадан құрылған өңірде дамытуды қажет ететін жайттар жеткілікті. Жолдау жүктеген міндеттерге сай оңтүстік өңірінде қандай жобаларды жүзеге асыруға болады? Қай бағытта жұмыс жүргізілсе, тиімді? Осы сұрақтарға бірлесе жауап табу мақсатында Түркістанға Президент жанындағы қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мамандары келді. Олар, осындағы әріптестері және жастармен кездесіп ой бөлісті.