Бір бағдарлама аясында 5771 адам жұмыспен қамтылды

0
55

Түркістан қаласында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы сәтті жүзеге асып жатыр. Күні бүгінге дейін облыс орталығында аталған бағдарламаның шарапаты 6 мыңға тарта азаматқа тиген. Бұл жыл басындағы жоспардың 80 пайызы.Азаматтарға балық емес қармақ ұстауды үйрететін жобаның арқасында қалада кәсіпкерлік ісі де қарқын алыпты. Өйткені, бағдарлама қатысушыларының арасында мемлекеттің көмегімен кәсіп ашқандар көп.