Түркістанда «Мұғалімдер мерекесі» аталып өтті

0
112

Түркістан облысында «мұғалімдер күні» мерекесі аталып өтті. Облыстағы аудан, қала әкімдіктеріне онлайн режимінде қосылған жиынға 500-ден астам озат ұстаз тікелей қатыса алды. Өңірдегі 55 мыңнан астам мұғалімді төл мерекемен құттықтап, салтанатты шараны ашып берген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ұстаздар қауымының болашақ ұрпағымызды оқытып, тәрбиелеудегі рөлінің маңызы зор екенін айтты.