Үкіметте білім берудің өзекті мәселелері қаралды

0
122

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде білім берудің өзекті мәселелері қаралды. Жиында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев күн тәртібіндегі мәселе мен Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауында мектепте, мектепке дейінгі және жоғары оқу орындарында білім беру сапасын арттыру туралы берген тапсырмалары туралы баяндады.