Жастық жалын — «Жастар жылына» жетелейді

0
147

Келер жылдың «Жастар жылы» ретінде жариялануы түркістандық жас өрендерге қуаныш сыйлап отыр. Елбасының жастардың жағдайын жақсарту үшін қолға алған шаралары әсіресе, енді ғана қолына студенттік кітапшасын алған шәкірттерге мол серпін беруде.

Түркістандағы іргелі оқу орнының басшылығы Елбасы жолдауынан кейін жастарға арнайы концерт ұйымдастырып берді. Салтанатты шарада сөз алғандар кейінгі толқынға артылып отырған міндеттерді ерекше айтты. Елбасы жолдауы негізінде білім алып, бәсекеге қабілетті болу керегін ұғындырды.