Түркістан облысында Елбасы Жолдауы аясында мәжіліс өтті

0
178

Түркістан облысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша мәжіліс болып өтті. Актив жиналысын ашқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталды. Жиын барысында аймақ басшысы ел Президентінің Жолдауындағы әрбір міндеттерді Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстармен байланыстыра баяндады.