Жолдау жүктеген міндеттің жүгі — ауыр

0
100

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру». Елбасының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бүгін Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында келелі жиын өтті. Оған өңірдегі 30-ға жуық белсенді үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Басқосуды Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Түркістан облысы Азаматтық альянсы» ұйымдастырды.

Бүгінде Түркістан облысында 738 қоғамдық бірлестік тіркелген. Оның 577-сі  үкіметтік емес ұйымдар. Өңірде бұл сала шеңберінде 35 сұхбат алаңы жұмыс істеп тұр. Жиында Елбасының биылғы Жолдауының маңызына мән берілді. Осы мақсатта үкіметтік емес ұйым мүшелері тығыз байланыста жұмыс істеу жөніндегі ойларын ортаға салды.