А.Ясауи атындағы ХҚТУ ұжымы жолдауға үн қосты

0
193

Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы онлайн түрде тыңдады. Мәжіліс залында бас қосқандар Елбасының әрбір сөзі – отандастарының тұрмыстық әлеуетін жақсартуға бағытталғанына қуанды. Ал жастар жағы, әдеттегідей, өздеріне көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.