Жолдауға қолдау

0
153

Президенттің халыққа Жолдауы елдің әл-ауқатын арттырып, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарта түсетін бағдарлама. Бүгінгі 23-жолдауында да Елбасы әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелерін айтты. Президент алдағы 3 жылда агроөндірістік кешенді дамытуға жыл сайын қосымша 100 миллиард теңгеден бөлуге тапсырма берді. Ал «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 30 миллиард теңгеден бөлінеді. Президент пәрмен берген тапсырмаларға Түркістан облысының кәсіпкерлері пікір білдірді.