Түркістандағы әрбір сәт тарихқа айналуда

0
120

Түркістан қаласына ресми сапары кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев қаланың даму концепциясымен танысып, жаңа әкімшілік іскерлік орталықты салтанатты жағдайда ашқан болатын. Арнайы белгі қойылған бұл жер халықтың көп келетін мекеніне айналып отыр. Өйткені, Түркістанның жаңа дәуірі басталатын аумаққа тұрғындар қызығушылықпен әрі зор мақтанышпен қарайды.