Қарттар күні Түркістанда тойланды

0
127

Биылғы қарттар күні мерекесі облыстың жаңа орталығы Түркістан қаласында ұйымдастырылды. Мұнда асыл қазынамыз саналатын аға буынға тек құрмет қана көрсетіліп қойған жоқ. Сонымен қатар зейнеткерлер бұл күні бильярд, шахмат және тоғызқұмалақ сынды спорттың түрлерінен де өзара сынға түсті. Ал, аймақтардан арнайы шақырылған қарияларға мерекелік дастархан жайылып, құрметке бөленді.