Мемлекеттік қызметті жақсартудың жолы

0
93

Елбасы айтқан кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру үшін шәкірттерді университет қабырғасынан бастап дұрыс тәрбиелеу қажет. Себебі, бүгінгі студент — ертеңгі маман. Осылай деген, мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің өңірдегі өкілдері Түркістанда студенттер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында арнайы пікір–сайыс ұйымдастырды. «Қазақстан Бүгін және Болашақ» деген тақырыппен өткен шара облыс орталығындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде өтті.

Пікір сайыс кезінде студенттер мен мемлекет қызметшілер екі жақ болып ой бөлісті. Мәселен, біліктілігі жоғары мамандар қазіргі мемлекет қызметтің қыр-сырынан хабар берсе, студенттер жағы біздегі бұл салаға сырт көз ретінде баға берді. Сондай, пікір айтқандардың бірі 4 курс студенті- Жансая Сапарқұл. Талапты шәкіріт мықты мемлекеттік апапарат құру үшін, қоғамдық сананы өзгерту керектігін алға тартты.