Қарияларға құрмет — кішіге міндет!

0
118

Айтулы мерекеге орай Түркістан қаласында асыл қазынамыз саналатын аға буынға құрмет көрсетілді. «Қариясын қастерлеген ел — ардақты». Облыс билігі өңірдің өркендеуі мен дамуына үлес қосқан тыл еңбеккерлері мен қариялардың шаңырағына барып, сый-сияпат жасады.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр Түркістан — руханият пен мәдениеттің ордасы болғандықтан, ел ағалары мен ақсақалдардың орны ерекше екеніне тоқталды. Өздеріне бөлінген көңіл мен құрметке риза болған қариялар бір марқайып қалды.