Түркістанда халықаралық және туристік форум өтеді

0
130

«Ежелгі Түркістан – Жаңа мүмкіндіктер». Осындай атаумен Түркістан қаласында 28 қыркүйек күні халықаралық және туристтік форум өтеді. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған іс-шараға 250-ден астам шетелдік компания өкілдері қатыспақ. Бұл туралы бүгін «Оңтүстік» ақпараттық орталығында облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков мәлімдеді.