Жақсылық жасап жарысқандар марапатталды

0
157

Түркістанда жақсылық жасап жарысқан азаматтар марапатталды. Олар Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған «Жомарт жүрек» акциясына үлес қосқандар. Еске салып өтейік, Елбасы мақаласын сәтті жүзеге асыру үшін қала әкімдігі арнайы жобаны қолға алған еді. Содан бері қаладағы жаны жомарт азаматтар үн қосып талай игілікті істер атқарылды. Ал, шарада белсенділік танытқандары арнайы марапатқа ие болды.