Іскер топ Түркістанның даму тұжырымдамасымен танысты

0
110

Осы айдың соңына қарай Түркістан қаласының бас жоспары бекітіледі. Сөйтіп, рухани шаһарда құрылыс қарқын алады. Алдын ала болжам бойынша қалада 20-дан астам қонақүй мен 200-ден астам сауда орындары және бірнеше мәдени орындар мен әуежай салынады. Бұл өз кезегінде қаланың экономикалық дамуын арттырып, кәсіпкерліктің кең етек жаюына жол ашады. Себебі, облыс орталығында өз ісін бастаймын деген кәсіпкерлерге мол мүмкіндік беріліп отыр. Бұл туралы өңірдің іскер тобы мен халық қалаулыларына Түркістан қаласының даму тұжырымдамасын таныстырған облыс әкімінің өзі баяндады.