Леңгірдің балмұздағы — еліміздегі ең дәмді балмұздақтардың бірі

0
245

Жаз өтіп, күз кіргенмен, қыркүйектің мизам шуағы жанымызды жылытып тұр. Үлкен-кіші балмұздақтан бас тарта қоймаған кез. Сіздер Леңгірдің таңдайда дәмі қалар балмұздағын жеп көрдіңіздер ме?

Елдегі ең дәмді балмұздақтардың бірі – Леңгірдікі екенін білсеңіз де компанияның тарихы мен жетістік жолынан хабарыңыз аз болар?

1987 жылы кішкентай ғана цех жанынан Леңгір аудандық тұтынушылар одағы бойынша кооператив құрылып, кейіннен 1998 жылы наурыз айында «Балмұздақ» ЖШС жеке фирма болып тіркелді.

Компания тек қана табиғи қоспалар пайдаланады. Тіпті ең қиын кезеңдердің өзінде компания бұл үрдістен айнымаған. Барлық қоспалар зертхана арқылы мұқият өңдеуден өтеді. Компанияның өзінің аккредитацияланған, 6 адамнан тұратын жеке зертханасы бар. Сүтті жергілікті фермерлерден сатып алады.

2000 жылдың басында компания өндірісті кеңейтіп, жаңа желі сатып алды.

Оған «Қазақстанның Халық Банкі» Halyk Bank АҚ несие берді. Ал мемлекеттік бағдарлама шеңберінде «Даму» Қоры несиенің пайыздық мөлшерлемесін ішінара субсидиялады.

2017 жылы «Даму-Өндіріс» бағдарламасына қатысып жаңа желі сатып алды.

Компанияның өнімдерімен @icecreamlengerskoe инстаграм парақшасында таныса аласыздар.

Эл-пошта: Lengerskoe.kz@mail.ru